Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРГЕ СУ ЖЕТІСПЕЙ ЖАТЫР

АРАЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРГЕ СУ ЖЕТІСПЕЙ ЖАТЫР


Арал аймағындағы суармалы жерлерге су жетіспеу салдарынан өткен жылғымен салыстырғанда күріш егу көлемі 10 мың гектарға кеміп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
  Мамандар Сырдария су қоймасындағы су көлемінің 700 млн текше метрге азайғанын айтуда. Десек те облыс аграрилері басқа дәнді дақыл өнімдерін егу көрсеткішін арттырамыз деп отыр.
  Егін науқанына алғашқылардың бірі болып облыстың оңтүстік аудандары кірісті. Мәселен, Төңкеріс ауылында жаздық бидай егіліп болды. Ал күрішті жылдағыдан 10 күнге кеш бастамақ. «Әзірге ауа райы қолайсыз», – дейді диқан қауым. Оған дейін жоңышқа тұқымын себеді. Бұл жердің құнарын арттыру үшін керек. Ауыспалы егістіктің талабы – осы. Өсімдік ауруларына қатысты мәселені де шешіп қойған.
Бауыржан Көпеев, шаруа қожалығының төрағасы
– Арнаулы препараттармен уақытысында жағдайын жасап жатырмыз. Соның арқасында ауруды қазір жеңдік деп есептейміз. Биылғы межеміз – мың гектар жерге күріш орналастыру. Ауданымызға үрлемелі тоспа салынғалы судан проблема жоқ қазір.
  Дегенмен мамандар биыл Сыр маржанын өткен жылғыдан 10 мың гектарға аз егуді көздеп отыр. Басты себеп – Сырдарияға түсетін су көлемінің аздығы. Есесіне аймақ бірнеше жылдан бері ауылшаруашылығын әртараптандыруға басымдық беріп келеді. Осы ретте биыл мақсарының көлемін 10 мың гектарға дейін жеткізбек. Одан май сығып, экспортқа шығару жоспарда бар. Жергілікті ғалымдар шығарған түйежоңышқаның жаңа түрі де еңбек өнімділігін арттыруға сеп болған.
Өмірхан Пашкенов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:
  – Мысал үшін біздің ауыспалы егістікте негізінен 3 жыл күріш, 3 жыл жоңышқа егумен айналысатын болсақ, келешекте осы жаңа технологияны қолдансақ, біз 2 жыл күріш, 2 жыл жаңа дақыл, ротация ауыстыру мәселесін жеделдететін боламыз. Бұл енді үлкен шаруаларға еңбек өнімділігін арттырады, өзінің үлесін беретін болады. Бұдан бөлек ақ күрішпен аты шыққан Сыр өңірі алғаш рет соя дақылын да өндірістік негізде егіп, сынақтан өткізіп көрмек. Егер оң нәтиже берсе, көлемін көбейтетін болады. Алдағы уақытта өңір шаруалары тиімділігі мол осындай тың бағыттарды дамытуға ниетті. Жалпы биыл облыс бойынша 177 мың гектар жерге түрлі дәнді дақыл егіледі.
04 сәуір 2018 ж. 1 034 3

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 06:19
Tonsilitis Amoxicillin Propecia Nebenwirkungen Mudigkeit cialis prices Uk Online Drug Stores Lioresal Generique En France

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 13:25
Kamagra Directions Avis Site Vente Kamagra Canada Levitra Buy Online cialis without a doctor's prescription Dilantin Where To Buy Levitra Cheap

Stevnohope от 8 мамыр 2019 05:23
Order Now Macrobid levitra soft tabs Canadian Meds No Prescription