Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ ҰСТАЗДАР БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ҰСТАЗДАР БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауда сырдариялық ұстаздар бас жүлде иеленді.
Үгіт бригадаларының облыстық байқауын Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастырып, қатысушылар өнеріне білікті әділқазылар алқасы баға берді.
Облыстық байқауға облыстың жеті ауданынан және Қызылорда қаласынан жалпы саны 8 шығармашылық ұжым қатысты.
Аталған байқауға Сырдария ауданының атынан №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің ұстаздары қатысты.
Сырдариялық ұстаздар Елбасы Жолдауының басым бағыттарын бекітілген ережеге сәйкес жоғары деңгейде насихаттап, білімдерінің арқасында көрермен ықыласына бөленді.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде иеленген Сырдария ауданынының ұстаздары арнайы "Алғыс хатпен", естелік сыйлықтармен марапатталып, көрікті Көкшетау қаласына саяхаттауға жолдама алды.

Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
05 қараша 2018 ж. 796 0