Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АСАР ӘДІСІМЕН ТАҒЫ ДА БІР КӨПІР САЛЫНУДА

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АСАР ӘДІСІМЕН ТАҒЫ ДА БІР КӨПІР САЛЫНУДА


Көпір салу – сауапты іс. Соңғы бес жылда Сырдария ауданында көпір салудың өзіндік үлгісі қалыптасты. Мәселен, қазіргі таңда аудан орталығы Тереңөзек кентіндегі Қазақ көшесінен асар әдісімен көпір салынуда. Аталған игі іске аудан жұртшылығымен қатар көше тұрғындары да атсалысуда.
Тереңөзек кентіндегі Қазақ көшесі тұрғындарының өтініші бюджет қаражатынсыз-ақ шешімін табуда. Бұл аудан халқының ынтымақ-бірлігінің белгісі.
Қазақ көшесіндегі көпір құрылысын жүргізуге аудан көлеміндегі мекеме басшылары мен қызметкерлері де өз үлестерін қосуда. Мәселен, Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі қажетті техникалармен қамтамасыз етуде.
Қазіргі таңда жұмыстардың 50-60 пайызы аяқталған. Аудан тұрғындарының бірлігін, ауызбіршілігін, ынтымағын көрсететін асар әдісімен салынған көпір жақын күндері пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

05 қараша 2018 ж. 1 120 0