Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУДАНЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ АРТА БЕРСІН

АУДАНЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ АРТА БЕРСІН



Былтыр көшемізге асар әдісімен көпір салынды. Ашылу салтанаты ұйымдастырылып, тұрғындар арқа-жарқа болып, қуандық. Бүгінде көпір игілігін көрудеміз. Отын-суымызды жүк көліктерімен еркін тасымалдаймыз. Әлі күнге аудан басшылығына алғыс айтамыз.
Жақында отбасымызға көршілес ауданнан қонақтар келді. Көпірдің асар әдісімен салынғанын, бюджеттен бір теңге бөлінбегенін, барлық жұмыстар бірлікпен, ынтымақпен іске асқанын естіп, таң қалды. Аудан жұртшылығының бірлігіне жоғары баға берді. Біз марқайып, туған жеріміздің жарқын жетістіктерімен бөлістік.
Қазіргі таңда біздің көшеге салынған сапалы көпір Қазақ көшесінде де салынып жатыр екен. Көріп қуанып қалдық. Лайым, осындай бастама көтеріп, тұрғындар игілігін ойлайтын атқамінер азаматтар аман болсын! Ауданымыздың бірлігі арта берсін!

Абылай Әшірбеков,
Б.Момышұлы көшесінің тұрғыны
03 қараша 2018 ж. 1 098 0