Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ МЕКЕН

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ МЕКЕН


Соңғы жылдары серпінді Сырдария ауданында аудан əкімдігінің бастамасымен көптеген жасампаз жұмыстар атқарылды. Аудан əлеуметтік-экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізілді.
Бірлігі бекем, тірлігі тындырымды ауданның өркендеу белестерін аудан орталығы Тереңөзек кентінде жүргізілген абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарынан анық аңғаруға болады.
Мəселен, кенттің И.Тоқтыбаев көшесінің бойы бүгінде жасыл желекті мекенге айналды. "Əйтек" каналының үстінен салынған жаңа көпір аудан орталығының тынысын кеңейтіп, сол жағалауды игеруге жол ашты.
Бүгінде И.Тоқтыбаев көшесі толық асфальтталған жəне көше бойына көрікті бильбордтар орналастырылған. Сонымен қатар, 100-ге жуық терек талдары да өсіп келеді.
"Əйтек" каналының сол жағалауына сəулеті келіскен, қала орталығындағы архитектуралық ерекшеліктен кем түспейтін жеке тұрғын үйлер де көптеп салынуда. Бұл аудан тұрғындарының болашаққа сенімін жəне тұрмыс деңгейінің жоғары екенін білдіреді.
Ертеңі еңселі айшықты аудан алдағы уақытта да дами беретініне сенім мол.
07 қазан 2018 ж. 1 040 0