Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУДАНЫМЫЗДА АСАР ӘДІСІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

АУДАНЫМЫЗДА АСАР ӘДІСІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ


Біз ұзақ жылдардан бері Тереңөзек кентінің тұрғынымыз. Жақында көшемізге көпір салынады, ол жұмыс асар әдісімен жүзеге асады дегенді естіп, қуанған едік. Міне, сол жұмыстар бүгінде басталып та кетті. Қазіргі таңда ер-азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында көпір құрылысы қарқынды жүруде.
Бұған дейін біз кенттің Б.Момышұлы көшесінен асар әдісімен көпір салынғанын білетінбіз. Аталған көшенің тұрғындары да біз секілді қиналғаны сөзсіз. Жасыратыны жоқ, үйімізге қонақ келсе, көпірдің жоқтығынан қиналатын едік. Тіпті, жедел-жәрдем көлігін шақырғанда да мамандардың көлігі каналдың арғы бетін қалып, дәрігер үйімізге жаяу келетін. Бұл қиындықтар енді артта қалмақ.
Игі жұмысты ұйымдастыруға бастамашы болған атқарушы билік өкілдеріне алғыс айтамын. Еңбекте жеміс тілеймін. Ауданымыз әрқашан абырой биігінен көріне берсін.
Алтынай Ілиясова,
Қазақ көшесінің тұрғыны:
03 қараша 2018 ж. 1 205 0