Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ШЫНАЙЫ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ

ШЫНАЙЫ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ


Берекелі іске бейім ауданымызда соңғы жылдары көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Аудан әкімдігінің бастамасымен ауқымды жұмыстар бюджет қаражатынсыз-ақ өз шешімін табуда. Біздің көшеге қажетті көпір мәселесі де жақын күндері толық шешілмек.
Асар әдісімен көпір салу туралы бастама көтерілгенде қуанышымызда шек болмады. Өйткені, қыстың күні үйімізге отын-су түсірерде көп қиналатын едік. Ол күндері енді артта қалатын болды.
Асар әдісінің жаңғыруы ауданымыздың ауызбіршілігі жоғары екенін білдіреді. Көше тұрғындарының атынан көпір құрылысын жүргізуге үлес қосып жатқан барлық азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Жұмыстарыңызға жеміс тілейміз.
Мағаз Есмұратов,
Қазақ көшесінің тұрғыны:
03 қараша 2018 ж. 1 870 0