Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢАЛЫҚТАР КӨҢІЛДІ ҚУАНТАДЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР КӨҢІЛДІ ҚУАНТАДЫ


Мен аудан тіршілігімен біте қайнасып, осы күнге дейінгі ілкімді істердің басқасында жүрдім. Қашанда қай салада болмасын жақсы жағынан тың қозғалысты көргенде шын қуанамыз. Айналдырған екі-үш жыл көлемінде аудан медицинасы халық денсаулығын жақсарту жолында ауқымды жұмыс күшін бір арнаға ұйыстырды. Алыстағы ауыл тұрғындары үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Уақытылы ем қабылдауға дағдыланған біз секілді жандарға дәрігер тарапынан қадағалау қажет етеді. Бұл үдеден көріну үшін аудан дәрігерлері жан-жақты мүмкіндік туғызуда. Сөз соңында айтарым аудан әкімдігі мен аудан медицинасының білікті мамандарына айтар алғысым шексіз. Аудан медицинасының серпінді дамуындағы айрықша жұмыстар легін көріп, ерекше тебіреністе болғаным рас. Бұрынғыдан әл-ауқаты жақсарып, жаңа технологияға бейімделген бөлімше мамандары бар жағдайды жасау үстінде. Бір жағынан сапалы қызмет түрлері артып, емделушілердің талап-тілектері ескерілген. Жылы, әрі жайлы бөлімшеде әрбір балтыры сыздаған науқас емінен дауа таба алатыны күмәнсіз.


Бексұлу СИНАЕВА,
Сырдария ауданының Құрметті азаматы
04 қараша 2018 ж. 1 062 0