Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ


Құрметті Ғанибек Қонысбекұлы!
Қадірлі аудан тұрғындары!
Биыл бәріміз үшін зор қуанышқа толы жыл. Серпінді Сырдария ауданы 90 жылдық торқалы тойын тойлауда. Аудан халқын шын жүректен мерейлі мерейтоймен құттықтаймын!
Аймақтағы мұнайлы өлке саналатын бұл жердің халқы қонақжайлылығымен, ауызбіршілігімен ерекшеленеді. Мұндағы әрбір іс аудан жұртшылығының берекелі іске ұйыса білуінің нәтижесінде орындалады. Оған осы өлкедегі мұнай компаниялары да үлес қосуда.
Ауданда атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі Сырдарияда серпіліс көп. Уақыт өткен сайын аудан ерекше қарқынмен дамып, өзге өңірлерге үлгі болуда. Бірлігі бекем, тірлігі тындырымды аудан аймақтағы маңдайалды аудан саналады.
Бұл өлкенің қонақжай халқына әркез қолдау білдіріп келе жатқанымызды мақтаныш санаймыз. Өткенін түгендеп, келешекке сеніммен қарайтын сырдариялықтар қандай мақтауға да лайық. Сондықтан ғасырға жуық тарихы бар аудан халқын торқалы тоймен құттықтаймын. Айшықты ауданның мерейі әркез үстем болғай!

Есен ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ,
«Қазгермұнай БК» ЖШС
Бас директоры
04 тамыз 2018 ж. 2 124 0