Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АЙРЫҚША ЖІГЕР БЕРДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АЙРЫҚША ЖІГЕР БЕРДІ


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Жолдауы бұрынғыларынан өзгерек болды. Мемлекет қызметкері ретінде емес Қазақстанның азаматы ретінде тыңдап отырып, өте риза болдым.
Қазақстан халқына жаңа Жолдауын арнаған Елбасы, тәуелсіздік жылдары атқарылған қыруар жұмыстар елдің одан әрі тұрақты дамуына негіз қалағанын мәлімдеді. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында біздің отан әлемдік кеңістікте өз беделін арттырып келеді. Экономикасы қарқынды дамыған елде азаматтардың да өмір сүру сапасы да жақсарып, негізгі салаларды өркендетуге бағытталған бағдарламалар сәтті жүзеге асуда.
Елбасының Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында, нақты міндеттері аталған.
Олар экономиканың жедел технологиялық модернизациясы, дәстүрлі базалық салаларды дамыту, еңбек нарығының модернизациясы, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталының сапасын арттыру, институционалдық өзгерістер, жемқорлықпен күрес және қауіпсіздік.
Елбасы Жолдауында ерекше атап өткен мәселенің бірі азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Кәсіби мемлекеттік аппарат әрбір қызметкердің кәсіби біліктілігі мен біліміне тікелей байланысты. Сондықтан қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғыртудан бас­тап, іскерлік қасиетке аса мән берілуде.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің бас құжатында «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымыздың өркендеу жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет» деп атап көрсетті.
Елбасының белгілеп берген тапсырмалары арқылы қазына түсімі арттып, сол бойынша жалақы көбейеді. Бұл халықтың тұрмыс деңгейі мен әл- ауқатының артуына толық негіз болады деген сөз. Жалпы, Елбасының осы Жолдауы бәрімізге айрықша жігер берді.

Айгүл Хабиева,
аудандық Қазынашылық басқармасы
басшысының орынбасары
30 қазан 2018 ж. 700 0