Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ


"Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты", – деп Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтса, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев: «Мемлекеттік жоба аясында экономиканың шынайы секторында нақты жобалар жүзеге асырылады. Стартаптар 9 негізгі өндіріс саласын цифрландыруға бағытталады. Сонымен бірге, негізгі күш энергетика, шикізат өндірісі, агроөндірістік кешен, өндіріс, логистика мен ақпараттық технологиялар секторларына бағытталады. Осы бағытпен даму арқылы Қазақстан екі мәселені шешімін табады. Олардың бірі еліміздің негізгі өндіріс салаларын технологиялық модернизациялауға қосымша импульс алу болса, тағы бірі өндірістік еңбектің масштабты өсуіне жағдай жасалады» – деп Мемлекет басшысының сөзін қуаттады.
Бүгінде іске асырылып жатқан "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы негізінен төрт бағыттан тұрады. Нақтырақ айтқанда, біріншіден – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру болса, екіншіден – экономиканың, яғни көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда салаларына цифрлы технологияны енгізу, ал үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртіншісі – IT мамандарды даярлау.
Бүгінде осы бағыттарға жол ашу үшін елімізде электрондық үкіметті дамыту шеңберінде «Ашық үкімет» модулі іске қосылды. Сондай-ақ, «Ашық деректер» порталы мемлекеттік органдардың жалпыға бірдей қолжетімді деректерін автоматтандырылған түрде сақтауға болатын сайт іске қосылып, жұмысын бастап та кетті. Бұл дегеніміз – ел азаматтарына ыңғайлы форматтағы жаңартылған заманауи ақпаратты алуға мүмкіндік берсе, бүгінгі күні парталда 280-нен астам дерек жиынтығы мен 20-дан астам қосымша жасалды.
Осы ретте, жуырда аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру және қоса тіркелетін негізгі цифрлық және электронды үкімет дағдыларын меңгерту мақсатында 3 модульден тұратын базалық цифрлы дағдыны қалыптастыруға арналған семинар өтті.
Семинарда цифрлық сауаттылығын ашып, арттыру және электронды үкімет дағдыларын дамыту аясында 2000 адам аталмыш тақырып бойынша сала мамандарынан дәріс алып, білімін жетілдірді.

Еркін Сұңғатов,
Қармақшы ауданы №30 орта мектеп мұғалімі.

11 шілде 2018 ж. 1 822 0