ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІП РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
2018 жылдың 18 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы - өзінің тарихилығымен ерекшелінетін кезекті құжат.
Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Қазір әлем жаңа технологияның ықпалында тұр. Әлемнің дамыған елу елінің қатарына қосылған Қазақстанның енгдігі алдыға қойған мақсаты озық отыз дамығын елдің қатарына кіру. Елбасының дүниежүзіндегі саяси және экономикалық дағдарыс кезіндегі «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен арнаған биылғы Жолдауының жүгі ауыр, маңызы ерекше. Мұнда мемлекет мерейін үстем етуге бағытталған нақты он міндет көрсетіліп отыр.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаһандық үрдісті дұрыс бағамдай білген. Онда Елбасы «Бүгінгі әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», деп атап өтті. Бұл - тәуелсіз Қазақстанның жаңғырудың келесі бір кезеңіне өткенін яғни жаңа технологиялық мүмкіндіктерге жол ашқан қарыштап даму кезеңіне аяқ басқанын көрсететін маңызды құжат болып отыр.
Елбасы қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты. Қуатты ел болу-бәсекеге қабілетті ел болу деген сөз, «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйым, сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болса ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады деп кәсіпкерлерге ерекше сенім артатынын аңғартты. Басымдылықтарының бірі - экономиканың жедел технологиялық жаңарту болады. Бұл цифрлық технологиялар базасында жаңа преспективалы салалар құру дегенді білдіреді. Бизнес-ортаны кеңейту мен жаппай кәсіпкерлік үшін жағдайларды жақсартудың қағидатты маңызы бар. Сондай-ақ, биылғы Жолдауда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес басты назарда екендігі айтылады. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі Жолдаудың тоғызыншы міндетінде ашық көрсетілген. Яғни, Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес одан әрі жалғаса бермек. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев әр-жылғы Жолауында елдің дамуының жеделдетілуін, халықтың әл-ауқатын асқақтауын көздеп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алады.
Сырдария аудандық Әділет
басқармасының басшысы, Заңгерлер
қоғамдық бірлестігінің мүшесі Н.Дайрабаев