ТІРЕКТІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕГІ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР
Тіректі елді мекен статусын иеленген Ақжарма ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды. Бұл туралы бұрнағы күні Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары айтты.
Халық қалаулылары жақында ғана пайдалануға берілген ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты.
Дәрігерлермен кездесу өткізген депутаттары заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа нысанның жұмысына жоғары баға берді.
Мұнан кейін "Ақжарма 1" ЖШС-і қызметкерлерімен кездесті. Шаруашылық төрағасы М.Бисенов депутаттарға шаруашылықтың атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері туралы баяндады.
Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елбасы Жолдауының елді үлкен мақсаттарға жетелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыспен қамту, зейнетақы реформасы, өндірісті жаңғырту мәселелері де жан-жақты талқылады.
Жұмыс сапары аясында халық қалаулылары "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автожолы бойынан ашылған "Нұрлы жол" сервистік кешенінде болып, кешен жұмысымен танысты.
Тіректі ауылдығы тындырымды тірліктерге жоғары баға берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары атқарушы билік өкілдерінің жұмысына жеміс тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.