ДЕПУТАТТАР ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағиев, Байділдә Жылқышиев және Наталья Жумадильдаева Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары аясында аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен бірге "Шаған-Жер" ЖШС-нің егіс алқабында болды.
Депутаттар күрішші-механизаторлармен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауының мәні мен маңызы туралы әңгіме өрбітті.
Кездесуде мәжілісмендер ел Президентінің Жолдауда алға қойған тапсырмаларын жан-жақты талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар 2018 жылы Парламентте қабылданған заңдар, биылғы зейнетақы мөлшері, әлеуметтік төлемдер, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндіктері және басқа да өзекті мәселелер бойынша хабардар етілді.
Шаруашылық төрағасы Б.Қадіров ауылшаруашылық саласы бойынша жұргізіліп жатқан жұмыстар мен шаруашылық жетістіктерін баяндады.
"Биылғы Жолдауда маңызды мәселелер қамтылып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. Бұл – дер кезінде көтеріліп жатқан мәселелер. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында көптеген қиын-қыстау кезеңдер мен реформалардан сүрінбей өтті. Соның бір үлкен дәлелі – өткен жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасының жүзеге аса бастауы. Бұл дегеніңіз – елдегі жағдайдың көтеріліп, экономиканың түзеліп, рухани интелектіні көтеру жолына түскеніміздің белгісі",-деді мәжілісмен Байділдә Жылқышиев.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.