Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ШІРКЕЙЛІ АУЫЛЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ШІРКЕЙЛІ АУЫЛЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын насихаттау мақсатында кеше Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағиев, Байділдә Жылқышиев және Наталья Жумадильдаева Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болды.
Депутаттар Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің мұғалімдерімен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елбасы Жолдауының негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
Өз кезегінде мәжілісмен Қожахан Жабағиев пен Байділдә Жылқышиев еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы қарқынды екенін атап өтті. Ал, Наталья Жумадильдаева Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы – қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық мәселелерге жауап беретін саяси маңызды құжат екеніне тоқталды.
Кездесу қорытындысында Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
20 қазан 2018 ж. 1 853 0