ҚЫРМАНДАҒЫ ҚЫЗУ ЕҢБЕКПЕН ТАНЫСТЫ
Мемлекет басшысының "Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын насихаттау және ауылшаруашылық құрылымдарының жұмысымен танысу мақсатында аудан әкімі Ғ.Қазантаев Шіркейлі ауылындағы "Мәді-Қажы ЖШС қырманында болып, ауылшаруашылық саласының ардагерлерімен, шаруашылық еңбеккерлерімен кездесті.
Кездесуге "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат депутаты С.Сұлтанов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Мақашев, ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Әбілқасымов және егіншілер, сушылар мен шаруашылық қызметкерлері қатысты.
Кездесу жиыны басталмас бұрын шаруашылық төрағасы С.Сұлтанов қырман жұмысымен таныстырып, шаруашылықтың атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
Аудан басшысы Елбасы Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту керектігін тапсырғанын айтып, ауылшаруашылық құрылымдарын қолдауға ерекше басымдық берілгенін жеткізді.
– Мемлекет басшысы әрдайым елдегі бірлікті сақтау, егемендікті нығайту және Ұлттың болашағы үшін жұмылу керектігіне баса мән береді. Жаңа әлеуметтік саясат шеңберінде тиімді әлеуметтік мемлекет, тұрғындардың осал топтарын қолдау, еңбекпен қамту бағытында нақты нәтижелерген қол жеткізу тетіктері Жолдауда айқындала түсті. Ендігі мақсат Елбасы айқындап берген тапсырмаларды жұмыла жүзеге асыру,- деді аудан басшысы.
Қырман даласындағы кездесуде облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат депутаты С.Сұлтанов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Мақашев, ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Әбілқасымовтар сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауын қолдайтындықтарын, жүзеге асыруға атсалысатындықтарын атап өтті.