Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНАТОРЛАР СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

СЕНАТОРЛАР СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болды.
Сенаторлар аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен бірге "Бақ" және "Қызылдихан" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесіп, қырмандағы қызу еңбекпен танысты.
Халық қалаулылары Елбасының биылғы Жолдауының мәні мен маңызы туралы келелі ой қозғап, егіншілермен саяси маңызды құжаттың басым бағыттары жөнінде әңгімелесті.
– Биылғы Жолдау – ел тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Елбасы ауылшаруашылық саласына да ерекше мән беріп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді. Соңғы жылдары Сырдария ауданында көптеген жүйелі жұмыстар атқарылуға. Аграрлы ауданның күрішшілері биылғы егін науқанын табысты қорытындылайтынына сеніміміз мол,- деді Бекмырза Қайыпұлы өз сөзінде.
Егіншілермен кездесу барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы кәсіпкерлікті дамыту, білім беру саласын заман талабына сай жетілдіру және сұранысқа ие мамандарды қайта даярлау сала­­ларындағы мемлекеттік сая­­­­саттың басым бағыттарына кеңінен тоқта­­лды. Сондай-ақ, Парламент палаталарында қабылданып жатқан заңдарды түсіндірді.
Жұмыс сапары қорытындысында халық қалаулылары серпінді Сырдария ауданының дамуына жоғары баға берді.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы
16 қазан 2018 ж. 963 0