Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ САНАСЫН ӨЗГЕРТУ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ САНАСЫН ӨЗГЕРТУ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ


Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Өзгерістерді өзіңнен баста!» тақырыбында кездесулер өткізілуде.
Кездесулер барысында Департаменттің бас маманы Анар Сәлімжан «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің өздерінің жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру болып табылатындығын назарларына жеткізуде.
Жыл басынан бері кіші бағдарламада айқындалған мақсаттар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдарда жауапты қызметкерлер бекітіліп, галстуксыз бейресми кездесулер өтуде. Кездесулерде нақты реформаларды сезіну үшін әрбір қызметкер жұмыс барысында туындайтын мәселелерді ұжыммен талқылауға ынталандырылуда.
«Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, идеяларыңызбен бөлісіп және «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын» - деді А. Сәлімжан.
Алдағы уақытта «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы бойынша жұмыстар ары қарай мемлекеттік органдарда өз жалғасын табатын болады.
25 қыркүйек 2018 ж. 1 029 0