Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯЛЫҚТАР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚТАР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ


Оқушылардың жолда жүру ережесін қадағалау, талапқа сай жү­ру ережесін жақсы меңгеріп, білгенін іс жүзінде дәлелдеп, көрсету мақ­сатында ең алғаш осыдан 18 жыл бұрын аудан бойынша бар­лық мектептерде «Жас жол инспекторлары» жасағы құрылған болатын. Соның бір бөлшегі саналатын №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған «Жас жол инспекторлары» жасағы бүгінде ел мақтанышына айналды.
Олар осы уақытқа дейін зор жетістікке жетіп үлгірді. Былтыр аталмыш мектеп оқушылары Өскемен қаласында өткен республикалық слеттен 1 орын иеленіп, Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесі, Анапа қаласында өтетін халықаралық «ЮИДовцы - 2018» байқауына жолдама алған болатын. Халықаралық жарысқа аттанар алдында жолдама ұтып алған оқушылармен аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев кездесу өткізіп, сәттілік тіледі.
Міне, халықаралық жарысқа аттанған ел мақтаныштары ТМД елдерінің арасында ІІ орынды иеленді. Ал, І орынды Беларусиядан келген команда, ІІІ орынды қырғызстандықтар еншіледі. Бұрнағы күні №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің командасын «Қорқыт Ата» атын­дағы әуежайдан білім саласының қызметкерлері мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері салтанатты түрде күтіп алды. Ел мерейін асырған жас инспекторлар жарыс барысында ТМД елдерінен келген 50 топтың арасынан үздіктер қатарынан көрінді.
Ел намысын қорғаған оқушылар қата­рында Қайрат Қожабергенов, Диас Пернебеков, Әсел Раджабқызы, Аяулым Сей­дәлиева бар. Бұлар бірнеше күнге со­зылған жарыста 4 бөлім бойынша өз ше­­бер­­ліктерін байқатты. Бұдан бөлек, оқу­шылар Мәскеу мен Анапа қалаларының көрікті жерлерін аралады. Жалпы, ел мәде­ниетін, құндылықтарын өздері секілді жас­тарға түсіндірді.
Айта кетерлігі, «Жас жол инспектор­лары» жасағының жетекшісі – №210 О.Әбіл­паттаев атындағы орта мектептің АӘД мұғалімі Ерболат Садықов өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің зор екендігін тағы бір дәлелдеді.

Б.ОРДАБЕКОВ

20 қазан 2018 ж. 1 463 0