Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАЙДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАЙДЫ


Оқушылардың жолда жүру ережесін қадағалау, жолда жүру ережесін жақсы меңгеріп, іс жүзінде білетінін көрсету мақсатында ең алғаш осыдан 18 жыл бұрын аудан бойынша барлық мектептерде "Жас жол инспекторлары" жасағы құрылған болатын. Соның бір бөлшегі саналатын №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған Жас жол инспекторлары" жасағы бүгінде ел мақтаныштарына айналып отыр. Олар осы уақытқа дейін зор жетістікке жетіп үлгірді.
Мектеп оқушылары Өскемен қаласында өткен республикалық слеттен 1 орын иеленіп, Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесі, Анапа қаласында өтетін халықаралық "ЮИДовцы - 2018" байқауына жолдама алғаны мәлім.
Осы орайда, халықаралық байқауға жолдама алған оқушылардың аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы қабылдап, кездесу өткізді. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары аудан мақтаныштарына ақ жол тіледі.
Еліміздің атынан сынға түскелі отырған жас инспекторларға аудандық  дербес бөлім басшылары сөз алып, сәттілік тіледі.
"Жас жол инспекторлары" жасағының жетекшісі №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің АӘД мұғалімі Ерболат Садықов.

Б.ОРДАБЕКОВ
01 қазан 2018 ж. 958 0