Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШІРКЕЙЛ І– МИЛЛИОНЕР АУЫЛ

ШІРКЕЙЛ І– МИЛЛИОНЕР АУЫЛ


Мемлекет жастарға үлкен қамқорлық көрсетіп келеді. Қандай бағыт болмасын әрқашан қолдауға ие. Мысалы, бір ғана кәсіпкерліктің маңайында бірнеше жобалар қарастырылған. Ең бастысы, ізденіс пен іскерлік керек. Міне, осы тұрғыда тағы бір баянды бастама – «Zhas Project» жас­тар корпусын дамыту жобасы.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев был­­­­­­­­тырғы жылдан бастап облысты «Кәсіп­керлік жылы» деп белгілеген болатын. Белгілі бір кәсіпті игеріп, өз саласында табысқа жетемін деген жастарға берері мол бастама. Биыл өңірге келген жобаның тағы бірі Шіркейлі ауылында. Қос бірдей жобаның бірі «Шын жүректен» қолөнер мектебі деп аталады. Жаңадан бастау алған кәсіпте ауылдағы аз қамтылған отбасы балаларына тігін тігу, тоқыма өнері мен қоса моншақ тастардан түрлі бұйымдар жасауды үйретеді. Қыз баласын қолөнерге баулитын жобаның жетекшісі Сымбат Батырханова болса, құрамында А.Бұзаубақова мен С.Пернебекова секілді іскер қыздар бар.
Ал, келесі жоба – «Ынта» футбол клубы. Жастарды спортқа бағыттайтын бұл үйірменің авторлары Е.Әбілдаев, Р.Сайыпов және О.Қалдыбек сынды спортты жаны сүйетін жігіттер. Қазіргі таңда ауылдағы 71 футболға қызығатын азамат аталған клубта футболдың қыр-сырын үйренуде.
Елді мекендегі жастарды қолдау ретінде ауыл әкімі арнайы ақысыз ғимарат берген болатын. Жақында ресми түрде ашылу салтанаты болып, ауыл әкімі Т.Құлназаров өз құттықтауын жеткізді. Сәтті бастамаға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сұлтанов және ардагер ұстаз Б.Маханов лентасын қиып, кәсіптеріне береке тіледі.
Алдағы уақытта, ел игілігі үшін қызмет етеміз деген жас кәсіпкерлердің бұл бас­тамасына ауыл тұрғындары да дән риза.

М.СЕЙДІКӘРІМ
18 қазан 2018 ж. 935 0