"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ
Жоба
“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Жастар корпусын дамыту – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жастарға қолдау тапқан бұл жобаны іске асыру агенттігі жүзеге асырады. Жастарды кәсіпкерлікке тарту сондай-ақ халықтың игілігі жолында пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы белгілі бір мақсатқа жеткізеді. Осындай қолдау тапқан жобаны бірі Қалжан ахун ауылында. А.Өтепбергенова, Н.Жақапбаева және Ұ.Дүйсенбаева ойлап тапқан тың дүние «Рухани жаңғыру» компьютерлік қызмет көрсету деп аталады.
«Көптеген тұрғынның үйінде жеке компьютер болғанмен, оларға әрқашан сұраныс жоғары және жыл сайын бұған деген көзқарас та өсіп келеді. Қазіргі уақытта кез келген анықтамаларды электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Міне, біздің жобаның мақсаты да осы ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ, осы жерден жұмысын бітіре алады», - дейді жас кәсіпкерлер.
Бұл – әлеуметтік жоба болғандықтан бұнда көрсетілетін қызмет түрлері яғни, қаттау, теру, көшірме жасау, түрлі-түсті қағаздар басып шығаруға, фото суреттерге түсіру және оларды түрлі форматта шығару, жоғары сапалы сканерлеу, ксерокс және басқа да дүниелер зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік осал топ өкілдеріне, көпбалалы аналарға тегін көрсетілетін болады. Жақында осы бастау алған кәсіптің ашылу салтанаты болып өтті. Лентасы қиылып, халыққа қызмет көрсетуін бастаған жастарға ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі. Ауылдық мәдениет үйіне орналасқан жас кәсіпкерлер ендігі кезекте тек ел игілігі үшін қызмет атқарамыз деп отыр.
Майя СЕЙДІКӘРІМ