Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАРҒА ЖАҢА ҚАРҚЫН...

ЖАСТАРҒА ЖАҢА ҚАРҚЫН...


«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында ауданда жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Жобаның мақсаты – жастарды әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру.
 Менің туып өскен жерім – Шаған ауылы. Алдымен, осы жерге не керек, немен айналысуға болады деген сауал, бірнеше идеялар көкейімізде болды.  Әлеуметтік жоба болғандықтан компьютермен жасалынатын қызмет түрлерін дұрыс деп санадық. Оның ішіне мысалы: (түрлі-түсті қағаздар басып шығаруға, фото суреттерге түсіру 3х4. 10х15.А4  форматында шығару, жоғары сапалы сканерлеу, ксерокс, CD-RW дискілерге жазып беру және т.б ) қызметтер  зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге тегін көрсетілетін болатының жеткіземіз.   Осы аталғанқызметтердің барлығын ауыл тұрғындары өз игілігіне пайдаланады.
Өз кәсібін дөңгелеткендердің көбі жастар. Себебі, қазір білімді жастардың уақыты. Жоба арқылы берілген мүмкіндіктер, оның жүзеге асуына септігін тигізеді. Сондай жастарға арналған бірегей бағдарлама  – Zhas Projeсt жобасы екенін нық сеніммен айта аламын.
Жоба жастарды қоғамдық өмірге тартуға және олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуына, жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларын және олардың бастамашылдығын дамытуға бағытталғаны мәлім.
 
Алуа  НҰРАБАЕВА,
жоба қатысушысы
19 қыркүйек 2018 ж. 1 190 0