АУЫЛДА СТУДИЯ АШЫЛДЫ
Бүгінгі кезеңнің жаңа келбетін қалыптастырушы жалынды жастар. Олардың креативті идеялары, тың бастамалары қоғамға жаңашылдық әкеліп, жаңа бағытта өркендеуіне сеп болмақ. Оның үстіне, бүгінгідей ақпараттық қоғамның ерекше қарқынмен дамыған шағында кейінгі толқынның тың серпілістері көпшілікке пайдасын тигізеді. Ол үшін егемен елде жастарға қолдау көп, барлық жағдай жасалуда.
Барлық жағдай жасалуда дейтініміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында жастарға ерекше сенім артып, қай істе де қолдау білдіріп келеді. Кешегі жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында да жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін тілге тиек етіп, келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Яғни, келешек ел тұтқасын ұстайтын кейінгі толқынға жан-жақты демеу көп. Қандай істі қолға алса да қолдаушылар табылмақ. Тек ерінбей еңбек етіп, жаңа жобаларды ұсынып, халыққа пайдасын тигізсе болғаны.
Соның бір айғағы ретінде, қазіргі таңда «Жас проджект» жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл жарқын болашақ иелерінің ойдағы жұмысын іске асырып, тың идеяларын қолдайтын жоба. Жастар корпусын дамытатын жобаның басты мақсаты – қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту. Оның өзіндік талап-міндеттері бар. Атап айтқанда, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін грант беріліп, әлеуметтік шәкіртақымен қамтылады. Бұл тұрғыда, әлеуметтік жоба тың бастама болуы шарт. Соның негізінде грант жеңіп алғандар 6 ай өз қызметін ұсынуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, «Жас проджект» жобасы жастардың қолға алған ісінің бастауына жол ашып, әрі қарай өркендеуіне қолдау білдіреді.
Биылғы жылдың мамыр айынан бастау алған жобаға аудан жастарынан 42 жоба ұсынылған. Олардың 19-ы (69 жас қамтылған) қолдау тауып, қазіргі таңда жұмысын жүргізуде. Оның ішінде, Тереңөзек кенті, Н.Ілиясов, А.Тоқмағанбетов, Шаған, Шіркейлі, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Айдарлы ауылы жастары мүмкіндігі шектеулі және жас аналарға арналған фитнес, кілем жуу орталығы, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға арналған спорт орталығы, ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсететін Тимушылар жасағы, нан және тәтті тоқаштар дайындау наубайханалары, ағылшын және компьютер курсын тегін оқыту орталығы, тігін тігу, футбол үйірмелері, дайын жылыжай кіші зауыты секілді жобаларды ашқан. Олардың қатарында ақиық ақын Асқар Тоқмағанбетов ауылында 3 жоба жүзеге асуда. Оның алғашқысы – ағылшын тілін оқыту, екіншісі – ардагерлерге демалыс бөлмесін ұйымдастыру, үшіншісі – дыбыс жазу студиясы. Өткен сенбіде аталғандардың ішіндегі дыбыс жазу студиясының ашылуы салтанатты түрде өтті. Оған еңбек ардагерлері, шаруашылық төрағасы, жоба жетекшілері қатысып, жылы лебіздерін жеткізді. Мұндай жобаның ауыл жастарына қажеттілігі зор екенін айтып, жұмысқа сәттілік тіледі.
Бұл жоба елді мекендегі тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру мақсатында іске асып отыр. Оның жетекшісі – Дастан Палмахов. Ол аудандағы ән айту, дыбыс жазу ісінде тәжірибесі мол мамандардың бірі. Дастан осы жобаға 700 мың теңге грант жеңіп алған. Сол қаржыға студияға қажетті құрылғыларды алып, өнерге ынтасы бар жастарға демеу білдіруге ниетті. Осы жерде ән жазып, Асқар ауылынан таланттарды шығару үшін өз жұмысын қолға алды. Енді асқарлықтардың дыбыс жаздыруға облыс немесе аудан орталығына барып қажеті жоқ. Әлеуметтік жоба негізінде ашылған ауылдық мәдениет үйіндегі студияға барса болғаны. Мұнда талант иесіне тамыр да таныс та керек емес. Тегін қызмет көрсетіліп, өнер шыңына шығуға қолдау жасалады.

Е.БЕРКІНБАЕВ