Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ШАҒАН SITY» ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

«ШАҒАН SITY» ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ


Жастар корпусын дамыту – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жастарға қолдау тапқан бұл жобаны  іске асыру агенттігі жүзеге асырады. Жастарды кәсіпкерлікке тарту сондай-ақ халықтың игілігі жолында пайдалы қызмет дағдыларына  оқыту арқылы белгілі бір мақсатқа жеткізеді. Осындай қолдау тапқан жобаның бірі Шаған ауылында. А.Нұрабаева, Г.Серікбаева және Г.Аманай ойлап тапқан тың дүние «Шаған sitу» компьютерлік қызмет көрсету орталығы деп аталады.
«Көптеген тұрғынның үйінде жеке компьютер болғанымен, оларға әрқашан сұраныс жоғары және жыл сайын бұған деген көзқарас та өсіп келеді. Қазіргі уақытта кез келген анықтамаларды электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Міне, біздің жобаның мақсаты да осы ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ, осы жерден жұмысын бітіре алады», – дейді жоба авторлары.
Бұл – әлеуметтік жоба болғандықтан бұнда көрсетілетін қызмет түрлері яғни, қаттау, теру, көшірме жасау, түрлі-түсті қағаздар басып шығаруға, фото суреттерге түсіру  және оларды түрлі форматта шығару, жоғары сапалы сканерлеу, көшірме жасау және басқа да дүниелер зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға, әлеуметтік осал топ өкілдеріне, көпбалалы аналарға тегін көрсетілетін болады. Жақында осы бастау алған кәсіптің ашылу салтанаты болып өтті. Оған аудандық мәслихат депутаты, «Шаған Жер» ЖШС-і төрағасы Б.Қадіров пен қоғамдық кеңес мүшесі, ардагер ұстаз Н.Әйтенов арнайы қатысты. Лентасы қиылып, халыққа қызмет көрсетуін бастаған жастарға өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі. №37 мектеп лицейінде орналасқан жас кәсіпкерлер ендігі кезекте тек ел игілігі үшін қызмет атқарамыз деп отыр.

Майя СЕЙДІКӘРІМ,
Гүлдана КӘЛМЕНОВА
жоба жетекшісі
25 қыркүйек 2018 ж. 1 260 0