Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

ҮНДЕУ

ҚҰРМЕТТІ СЫРДАРИЯЛЫҚ ЖЕРЛЕСТЕР, БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ, ТҰРҒЫНДАР!
Дін – адамзат баласының ең алғаш Алла Тағала алдында жаратылғандағы адамдық келбетін сақтап қалудың негізгі факторы. Сондықтан дін – қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы болып саналады. Яғни, біз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп қарауға мүлдем болмайды. Дінсіз қоғам – мұңсыз қоғам. Бұл жерде – «мұңсыз қоғам» дегенде дін болмаса бәрі керемет, өзіміздің қалағанымыздай шалқып-тасып, қайғы-мұңсыз өмір сүру екен деп түсініп қалмауымыз керек. Данышпан Абай атамыз: «Қарыны тоқтық, қайғысы жоқтық – аздырар адам баласын», деп текке айтпаған. Дін жоқ жерде, бір Жаратушының бар екеніне сенім болмаған қоғамда, адам баласының бойынан қорқыныш сезімі кетіп қалады екен. Ал, жүрегінде қорқынышы болмаған жан ойына келгенін жасап, обал-сауап дегенді мүлдем ұмытып, жоғарыда айтылған «мұңсыз» кейіпте өмірін өткізетіні ақиқат.
Дін түсіне білген адамға ғылым мен білімнің көкжиегіне жол ашатын, тамыры тереңде жатқан рухани қазына һәм мол ілімнің қайнар бұлағы.
Міне, осы асыл дінімізді халыққа жеткізетін, насихаттайтын орын, әлбетте ол мешіт болып табылады. Өкінішке орай қазіргі таңда көптеген адамдардың түсінігінде мешіт тек кана ата-бабалары түсіне кірген кезде келіп Құран оқытып кететін орынға айналған. Ақиқатында, мешіт рухани-мәдени орталық, имандылық ордасы, халықтың құлшылық жасайтын құтты мекені.
Аудан тұрғындары мен бизнес өкілдерінің демеушілігімен аудан орталығынан замануи үлгідегі жаңа мешіт пен 120 орындық асхана салынды. Алла Тағаланың жердегі үйін салуға атсалысқан азаматтарға алғысымыз шексіз.
Алла Тағала Құранда дінімізге көмектесуді әрбір мұсылманға парыз еткен және ол парызды орындағандарды «Ең жақсы адам» - деп мақтаған.
Қазақ халқы дін мен дәстүрді берік ұштастырған текті ел. Бір адамның отбасының әлі келмейтін күрделі істі бүкіл жұртшылық болып, бірлесе жұмылып атқарған. Осы ретте, аудан орталығынан ашылған жаңа мешіттің коммуналдық шығындарын өтеуге, ұстап тұруға көп болып атсалыссақ, нұр үстіне нұр болар еді. Яғни, Алла Тағаланың разылығы үшін аудан халқының құлшылық жасайтын құтты орнына айналған мешітке бір кісідей жұмылып, қолдау көрсетейік! Алдын ала алғысымызды білдіреміз, ниеттеріңіз қабыл болғай!

«Иман-2013» қоғамдық қоры

09 қаңтар 2018 ж. 2 479 2

Гость JeaOrer от 5 ақпан 2019 12:34
Find Macrobid 100mg Bacterial Infections Visa acheter vrai viagra ligne en bourges Pastiglie Cialis Propecia Medicamentos Viagra Cialis Online Bestellen viagra Billiges Viagra Kaufen Comprar Cialis Por Internet Espana Cytotec Fausse Couche Animation Du Clomid buy levitra on line Amoxicillin For Severe Ear Infection Viagra Cialis Levitra Review cheap cialis online Cialis Viagra Milano Cialis Prix Vidal Prix Du Levitra En Pharmacie En Belgique buy generic cialis buy accutane online in canada Levothyroxine Canada 24h viagra Buy Antibiotics Online Fast Delivery Lowest Price Viagra 100mg Form Canada

jswcAlops от 5 наурыз 2020 16:50
where to buy viagra how long does viagra last buy generic viagra online buy viagra professional viagra order