Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » АГРОСЕКТОРДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

АГРОСЕКТОРДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ


«С.Сейфуллин Жер» ЖШС-інде биылғы егін жинау жұмысы аяқталуға жақын. Әрбір гектардан алынған өнім орташа 50 центнерді құрайды. Шаруашылық ауыл тұрғындарына арнап үстіміздегі жылы 10 адамдық қоғамдық моншаны іске қосты. Қосалқы шаруашылық есебінен бір отар қой бағылуда.
Шаруашылық бойынша егілген 900 гектар Сыр салысының соңғы гектарлары жиналуда. Маңызды науқанда жаткашы Бауыржан Алматов, астық бас­тыратын комбайнды тізгіндеген дала капитаны Ерхан Әбікен, қос тіркемелі ХТЗ тракторының иесі Әлібек Берқатов уақытпен санаспай еңбек етіп, озаттар қатарынан көрініп келеді. Шаруашылықта Дархан есімді қос жігіт озат күріш өсірушілер. Қалыбаев пен Смайлов өзгелерге үлгі болып, шаруашылық бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді. Биыл шаруашылықтың техникалық паркі де жаңартылған. 1 «Магдон» жаткасы, 2 «Класс» комбайны, 1 «Джон дир» тракторы егінжайда қарқынды еңбектің қалыптасуына негіз қалады. Сондай-ақ, келесі жылы шаруашылыққа 2 «Джон дир» тракторы, 2 «ХТЗ», 3 «МТЗ» тракторлары және 2 жер тегістейтін лазер алынбақшы.
Елбасы Жолдауында айтыл­ғандай агросекторды дамытуды шаруашылық еңбеккерлері өздерінің басты міндеттеріне санап отыр. Сондықтан биылғы жылы жылдың табысты қорытын­дыланатынына сенім мол.


ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ
16 қазан 2018 ж. 1 011 0