Жастар шаңырағында бақытты
Қоғам өмірінде белсенді орта қалыптастыратын отбасы рөлін жетілдіру мақсатында жас ұрпақ санасын жаңғырту маңызды фактор. Осы орайда ауданға қарасты оқушылар үйінде «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен отбасы құндылығын насихаттауға арналған оқушылар арасында «Алтын ұя» тақырыбында виртуалды сайыс өткізілді.
Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие беруді көздеген бұл шараның мақсаты отбасындағы тұрақтылық пен өзге де құндылықтарды ұғындыру. Оқушылар алғашқы кезеңде отбасындағы әкенің рөлін, ер азаматтың қоғамдағы орнын өз арнау өлеңдерімен жеткізді. Сонымен қатар «жас ұландықтар» «Алтын ұя» тақырыбында өз жанұялары туралы эссе жазды. Ал, үшінші кезеңде «Мың бақытты тілек» атты бейнеролик сайысында сынға түсті. Мұнда әулет үлкендері мен ақ жаулықты аналар, көреген қариялар дастархан басында бата-тілек айтып, ұлағатты сөздерін көпшілікке ұғындырды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды жанұя мүшелеріне түсіндірді.
Үш кезеңнен тұрған сайыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып, дипломмен марапатталды.
«ТТ»-ақпарат