Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛҒЫНДАР САЗ ӨНЕРІНЕН БАҚ СЫНАДЫ

БАЛҒЫНДАР САЗ ӨНЕРІНЕН БАҚ СЫНАДЫ


«Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп лицейде оқушылар арасында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шараға аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Ордабеков, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар қатысты.
Сайыскерлер танымал ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, өзара бақтарын сынады. Мәнерлеп оқу барысында оқушылар өз шеберліктерін байқатып, сөз өнерін барынша көпшілікке насихаттай білді. Жиырмаға жуық талапкер қатысқан шарада жоғары және бастауыш сынып оқушылары ерекше өнер көрсетті. Он күндік шеңберінде оқушыларға бағыт-бағдар берген педагогтар қатарында Ж.Байқадамова, Т.Садақбаев, А.Төлегенова, А.Кажденбековалар бар. Үш тілді жетік меңгерген оқушылар аналарына арналған өлеңдерді көпшілікке ұсынды. Кейбір қатысушылар мазмұны жағынан күрделі өлеңдерді мүдірместен оқып шықты. Сайыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып, дипломмен марапатталды.
Негізінен, «Өзін өзі тану» пәні балалардың жан-жақты танылуына жағдай жасайды. Сыртқы ортада адамдармен қарым-қатынас жасау қағидаттарын түсіндіреді. Айналысына тек мейірімді, сыпайы, тәрбиелі болуды үйретеді. Осы орайда бүгінгі жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына сала маман­дарының үлесі зор екендігі рас.

Б.АЯБЕКҰЛЫ

21 ақпан 2018 ж. 1 366 0