Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН

БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН


«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясының жоспарына сәйкес №126 орта мектебінде «Балалық шағым – бал шағым» сурет байқауы, «Адами қасиет қағидалары» оқушылар арасында психологиялық тренинг, «Адалдық - адами қасиет» тақырыптарында ашық әдеп сағаттары, «Отбасы - алтын діңгек» тақырыбында ата-аналармен тренинг, «Жақыныңа жәрдемдес» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Ақылды қария - ағып жатқан дария » тақырыбында ардагерлермен кездесу өткізіліп, жоғары сыныптар арасында «Би, қозғалыс, күш» тақырыбында спорттық биден жарыс, «Беу, қыздар- ай!» атты ұлттық салт-дәстүрге байланысты байқау өткізілді. Акцияның қорытынды сәтінде «Бәрі де балалар үшін» тақырыбында қайырымдылық шарасы өткізілді. Ак- ция барысында ауыл әкімінің міндетін атқарушы Б.Көрпелдесов, республикалық «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театрының өнерпазы Қ.Әлжаппаров, жеке кәсіпкер Д.Шағыров және мектеп ұжымының демеушілігімен 23 оқушыға қолдау көрсетілді. Осы «Қамқорлық» акция- сы аясында «Адамның асыл қасиеті – қайырымдылық» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Оған 26 оқушы қатысты. Жеңімпаз оқушыларға ауылдық мешіттің имамы Н.Жалғасбекұлы демеушілік жасап, оқу құралдарын сыйлады.
Балаларға қамқорлық көрсеткен демеушілерге, ұйымдастырушыларға мектеп басшысы алғысын білдірді. Аталмыш шараны әлеуметтік педагог М.Бакуов, тәлімгер А.Есназарова, музыкалық көркемдеуші Б.Шілдебаевтар ұйымдастырды. Шараға қатысқан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Ерташов оқушыларға ақ батасын берді.
М.БАКУОВ,
№126 орта мектеб
і
23 ақпан 2018 ж. 2 010 0