Өмір сүру сапасы артады
Мемлекетіміз тәуелсіздік жылдарында қарыштап дамып келеді. Мақсаты айқын елімізде 18 миллион халық тұрады. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру, әл-ауқатын өсіру Елбасы қойып отырған міндет. Адамның табысы мен тұрмысы қай кезде артады? Әрине адам ең алдымен еңбекқор болуы керек. Өз кәсібін жіті меңгеріп, лайықты жалақысын алса, табыс арта түседі. Қарапайым халық үшін жасалатын нақты қадам, ол келер жылдан бастап ең төменгі жалақының 1,5 есе өсуі. Бұл миллиондаған адамның еңбекақы өсіп, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмақ емес.
Сонымен қатар Елбасы әрдайым білім мен медицина саласына үлкен мән береді. Жоғары білім неғұрлым сапалы берілсе, болашақ мамандар да мықты болады. Қағазбастылықтан арылту мақсатында медицина саласы цифрлық нұсқаға көшеді. Әрбір адамның электронды денсаулық паспорты болады. Адам өміріне қауіп төндіретін қатерлі ісік ауруымен күресу тұрғысында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысы басталады. Ең қымбат қазына – адамның өмірі болғандықтан медициналық мекемелерді құралжабдықтармен жабдықтау жалғасып, дәрігерлеріміз жоғары жалақы алуға тиіс. Міне, содан кейін қызмет көрсету сапасы артып, салада жемқорлықтың жолы кесіледі.
Мұнан басқа Елбасы тұрғын үйдің қолжетімділігі туралы Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотекамен қамтуды пысықтады.
Мәңгілік мұратқа айналған мақсат – халыққа сенім мен күш-жігер дарытады. Бірлік – ынтымаққа жетелеп, алар асуымыз молынан болғай!
Б.ӨТЕГЕНОВА,
еңбек ардагер
еңбек ардагер