Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС: Мүмкіндік артады

МӘМС: Мүмкіндік артады


Денсаулық – адам өмірінің басты құндылығы. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу тәуелсіз мемлекеттің алдына қойған айқын мақсаттарының қатарына кіреді. Қазіргі таңда ұлт денсаулығын жақсарту негізінде дәрігерлерді кәсіби тұрғыдан даярлау аса мұқияттылықты қажет етеді. Қазақстан халқының өсу көрсеткіші жылдан жылға артып келе жатқаны анық. Осы орайда Елбасы биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында адами капиталды жақсартуды, жаңғыртуды басты назарға қояды. Осы ретте халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түскенін айта кеткеніміз жөн.
Жергілікті тұрғындар мамандар кеңесіне жүгініп, денсаулық жағдайының қай деңгейде екендігін анықтауға ықпалы жоғары. Аймақтық дәрігерлердің кәсіби мүмкіншіліктерін арттырып, жоғары дәрежедегі мамандар тарта білсек, демографиялық көрсеткіш бәсеңдемейтіні хақ. Сонымен қатар тұрғылықты мекеннің халқының туу санының пайыздық мөлшері жоғары болуы ана мен баланың денсаулығына байланысты. Мемлекетіміз бойынша күрделі аурушаңдық деңгейлері халық санына шаққанда қанша болатындығын дер кезінде анықтап, соған орай тиісті шаралар қолдана білсек, қатерлі дерттерге жол бермейміз. Бұл ретте денсаулық сақтау саласының мамандарын жаңа технологияларды еркін игеруге, уақытында диагнозды дұрыс қоя білуге бейімдеу бүгінгі күннің талабы. Сапалы қызмет түрін ұсынған медициналық орталықтарға көріну келешекте міндетті әлеуметтік сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Еліміз кезең-кезеңмен көшетін жүйеге қалыптасу негізінде сала мамандарының әлеуметтік жағдайын медициналық озық технологияларды алуға жағдай тудырады. Бір жағынан жергілікті тұрғындарға өзі қалаған клиникаларда ем қабылдау мүмкіншіліктері артады.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
30 қаңтар 2018 ж. 1 221 0