Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗМЕТТЕН БОСАДЫ

ҚЫЗМЕТТЕН БОСАДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі, деп хабарлады egemen.kz.
Рәпіл Сейітханұлы 1963 жылы дүниеге келген. Қырғыз Мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург Экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар. 1985 жылдан ғылыми жұмыспен айналысқан.  1993 жылдан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы.  1996 жылдан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің бөлім бастығы.  1998 жылдан Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.  2000 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама қызметі бастығының орынбасары.  2003 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.  2004 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.  Ал 2013 жылдың ақпанынан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары лауазымында қызмет етті. 
06 қаңтар 2018 ж. 1 128 0