Елімізде бірнеше лауазымды қызмет басшылары ауысты
Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.
Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады.
Жақып Қажыманұлы Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Ол 2016 жылғы 25 сәуірде мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалды. Сыныптық шені – 2-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР парламенті сенатына Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын Бас прокурор лауазымына ұсынды.
«ҚР Парламенті Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын қолдады» делінген хабарламада.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді Конституциялық кеңес төрағасы етіп тағайындады.
Ақорданың хабарлауынша, Назарбаев бұған қоса Алик Шпекбаевті мемлекеттік қызметі істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы етті. Шпекбаев бұған дейін осы агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қайрат Мәми бұдан бұрын Жоғарғы сот төрағасы болған.