Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

№93 газет

25 қараша 2023 ж.

№92 газет

21 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сапарбек Тұяқбаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Сапарбек Тұяқбаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет еткен.
2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып істеген. Инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік еткен.
2016 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының қызметін атқарған.
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген. Бұған дейін «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметін Мақсат Қабашев атқарған болатын.
22 қараша 2017 ж. 1 310 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам