Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЗИЗ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЗИЗ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ


8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні орай аудан әкімі Ғ.Қазантаев құ­рылыс саласының ардагері, байырғы құрылысшы Бисенкүл Сариева мен білім саласының ардагері Зоя Алданқызын мерекемен құттықтап, сый-сияпат көр­сетті. Мерекелік құттықтауда аудан әкімімен бірге аудан әкімінің орынбасарлары Б.Лекеров, Е.Ахетов, кент әкімі Н.Бисембаев бірге жүрді.
Байырғы құрылысшыны құттықтаған аудан басшысы оның жасаған елеулі еңбегі көпке үлгі екенін айтты. Сонымен қатар, аудандағы ғимараттардың көпші­лі­гінде құрметті жанның қолтаңбасы қалға­нын жеткізді. Осы жылы аудан орталығында көпқабатты зәулім үйлер бой көтермек. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев көпқабатты үйлердің іргетасын құрылыс саласының ардагерімен бірге қалап, құрылыс жұмыстары басталатынын тілге тиек етті. Ауданның дамуына дән риза екенін білдірген ардақты жан өз алғысын жеткізді.
Мұнан соң ұлағатты ұстаз, білім сала­сының ардагері Зоя Алданқызын да шуақты мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды. Ауданның өркендеуін, оның ішінде бі­лім саласындағы жетістіктерді атап өткен аудан басшысы сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мерейлі ұстаздардың салған сара жолы кейінгілерге өмірлік азық болып жатқандығын айтты. Өз кезегінде ұлағатты ұстаз да ризашылығын білдірді.
Көктемнің шуақты мерекесінде ақ жау­лықты әзиз аналарға аудан басшысы «Құт­тық­тау хат» пен сыйлықтарын табыс етті.

Е.БЕРКІНБАЕВ
13 наурыз 2018 ж. 1 107 0