Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » АУДАН ӘКІМІ АРДАҚТЫ АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АУДАН ӘКІМІ АРДАҚТЫ АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ


Бүгін аудан әкімі Ғанибек Қазантаев Жаңа жыл мерекесіне орай аудан ардагерлерінің үйін аралап, қарияларды мерейлі мерекемен құттықтады. 
Аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы, ақын Мұхтар Сақтаповтың шаңырағында болып, қарияға мерекелік лебізін білдірді. 2017 жылды аудан табысты қорытындылап отырғанын айтқан аудан басшысы көш басындағы ауданда келесі жылы да жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді. Сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары екенін атап өтті. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер М.Сақтаповқа зор денсаулық тіледі. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, игі тілектестігін білдірді. Мереке қарсаңында құрметке кенелген ақын аудан әкіміне шынайы алғысын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
30 желтоқсан 2017 ж. 2 057 0