Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ХҚКО: он жылдық белес

ХҚКО: он жылдық белес

Халыққа тиімді қызмет көрсету аясы кеңейіп, бұрынғыдай құжат дайындауда сабылған кезекке тұру бүгінде азайған. Ауданда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттек корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Сырдария аудандық бөлімінің ашылғанына он жыл толды. Осы орайда, сала мамандары орталықта мерекелік кеш өткізді. Шараға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының орынбасары Е.Жақып, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы қатысты.
Салтанатты жиында халыққа қызмет көрсету орталығы Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ж.Жұмабаев құрметті меймандарға мекеме жұмысын таныстырып, мекеме тарапынан көрсетіліп жатқан қызметтерді көрсетті. Сонымен бірге, баяндама жасап, 10 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мақсат-міндеттерді саралады.
– Сырдария ауданы бойынша ХҚКО 2007 жылдың желтоқсан айының 29 күні салтанатты түрде ашылды. Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау ХҚКО ның басты оң қасиеттеріне айналды. Сол уақытта ҚР Әділет Министрінің 12 қазан 2007 жылғы № 286,287, 288, 289 санды бұйрықтарға сәй­кес, 25 қызмет түрімен жұмыс бастаған ұжым казіргі таңда яғни 10 жыл көлемінде барлығы 746 мем­­лекеттік қызмет, оның ішінде 618 қызмет мемлекеттік корпорация және «Электронды үкімет» порталы арқылы 447 қызмет, Ық­палдастырылған ақпараттық жү­йесі арқылы 332 қызмет түрлерін көрсетеді. Жылына 35 мыңнан ас­там құжат тұтынушылардан қабыл­данса, 10 жыл көлемінде 300 мыңға жуық құжат қабылданып, тұтынушыларға табысталды. Оның ішінде электрондық сандық қолтаң­баны пайдаланушылардың саны артқан. Сонымен қатар мобильді қосымша MGOV қолданушы тұты­­нушылар саны жыл сайын көбею­де. MGOV қосымша жүктеу ар­қылы қазіргі кезеңде 30-ға жуық мемлекеттік қызмет түрін электронды үкімет порталынан электронды сандық қолтаңбасыз-ақ алуға болатынын және бұл халыққа тиімді екенін айта кеткен жөн. Электронды үкімет порталын насихаттау бойынша түрлі акциялар ұйымдастырылып, мекеме аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деді Ж.Жұмабаев.
Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорация халық­қа қызмет көр­сететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайтынын айтқан басшы ұжымның беделін көтеруде сала мамандарының үлес салмағын атап өтті. Және де он жыл көлемінде жеткен жетістіктерді көпшілікке жеткізді.
Мұнан кейін аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов пен аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов сөз сөйлеп, сала мамандарын мекеменің құрылғанына 10 жыл толу мерекесімен құттықтады. Шара барысында Жұмабек Әшімұлы бастаған мекеме қызметкерлеріне аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамовтың, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікеновтің, облыстық мәслихат депутаты Р.Есеновтің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақыптың қолы қойылған «Алғыс хаттар» берілді.
Кеш барысында аудандық мә­дениет үйінің әншісі Н.Тұранов әннен шашу шашып, халыққа қызмет көрсету орталық қызмет­керлеріне қуаныш сыйлады.

Б.Ордабеков
05 қаңтар 2018 ж. 1 646 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 04:48
Compra Kamagra http://drugsed.com Buy Plavix Us

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 15:24
Generic Pharmacy Review Tinidazole Over The Counter buy generic accutane uk buy cialis Prezzo Cialis 20 Mg In Farmacia Rx Cheap Propecia