eGov.kz порталының 7 миллионыншы пайдаланушысы тіркелді
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы қазақ орта мектебінің 16 жасар оқушысы Нұрқанат Байсұлтанов электрондық үкіметтің 7 миллионыншы пайдаланушысы болып тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, компания өкілдері Нұрқанатты компания үшін маңызды сәтпен құттықтады.
Нұрқанаттың айтуы бойынша, ол ең алғашқы жеке куәлігін алған кезде электрондық цифрлық қолтаңбаны алып, eGov.kz порталында тіркелген екен. Болашақта Нұрқанат электрондық үкімет порталын жиі пайданалып, мемлекеттік қызметтер мен түрлі анықтамаларды онлайн түрде алуды жоспарлап отыр.
"Қазіргі уақытта eGov.kz және е-лицензиялау порталдарының көмегімен азаматтарға 452 электрондық қызмет, сервистер пен төлемдер қолжетімді. Портал іске қосылған сәттен бері отандастарымызға 192,3 млн рет электрондық қызметтер көрсетіліпті" - дейді мамандар2017 жылы елімізде мемлекеттік қызметтерді интернет желісі арқылы алуға азаматтармен 29 014 586 рет өтініш берілген.
Қазіргі кезде порталдағы ең сұранысқа ие қызметтері:
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру (2017 жылдың 11 айында 1 152 074 өтінім);
- некеге тұру (2017 жылдың 11 айында 66 255 өтінім);
- заңды тұлғаны тіркеу (2017 жылдың 11 айында 25 958 өтінім);
- несие тарихы туралы ақпарат алу(2017 жылдың 11 айында 225 405 өтінім);
- «Балабақша кезегіне тұру» қызметі (2017 жылдың 11 айында 92 171 өтінім);
- Жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы туралы анықтама алу (2017 жылдың 11 айында 76 454 өтінім).
Пікір 1