Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » БІР КҮНДЕ ДӘРІГЕРГЕ ҚАНША АДАМ ҚАРАЛАДЫ?

БІР КҮНДЕ ДӘРІГЕРГЕ ҚАНША АДАМ ҚАРАЛАДЫ?


Бүгінде жас та, кәрі де денсаулығына байланысты ақ халатты дәрігерлерге жүгінетіні рас. Осы орайда, аудан тұрғындарына кент орталығында орналасқан «Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухасы» мамандары күні-түні жұмыс жасайды. Осы ретте, дәрігерлерге бір күнде қанша адам қаралатындығына байланысты сараптама жүргізген болатынбыз.
Жалпы алғанда 1 күнде ақ халаттылар көмегіне 515 адам мұқтаж болған жағдайда, 1 айда 10300 адам түрлі санатты дәрігерлер кеңесін алады. Негізінен 1 дәрігер қабылдауына 15-20 адам жазылады. Осыншама адамға қазіргі таңда аудан медицина саласында негізгі функционалдық біліктілігі жоғары 80 дәрігер, 359 орта буын қызметкерлері жұмыс жасайды.

Б.ОРДАБЕКОВ
27 қыркүйек 2018 ж. 1 166 0