Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕЙІРБИКЕЛЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

МЕЙІРБИКЕЛЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ


Денсаулық адамның ең басты байлығы. Қашанда дертімізге шипа болатын ақ халаттылар еңбегі зор. Өлім мен өмірдің таразысына түскенде алғаш қол ұшын созар мамандық иелері қай кезде де құрметке лайық. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін олардың адалдығына басын иеді. Осы орайда айтпағымыз жыл сайын 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні кең көлемде аталып, түрлі шаралар ұйымдастырылып, құрмет көрсетіліп жатады.
Бұл мереке Дүниежүзілік Медбикелер кеңесінің (ICN) қолдауымен өткізіліп келеді. Негізінен медбикелердің кәсіби мерекесі медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің құрметіне туған күнінде қойылған. Ол Қырым соғысы кезінде (1853—1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған. Әлемнің 141 елінен орта буын қызметкерлер жиналып, қоғамдық ұйым – «Халықаралық медбикелер кеңесін» құрады. Осыдан кейін аталмыш мереке дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болған. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі уақыттан бастап 12 мамыр мейірбикелер күні болып ресми түрде аталады.
Жақында амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық ауруханасының акт залында Халықаралық мейірбикелер күніне орай «Адам жанының шипагері» атты мерекелік шара өткізілді. Шараны аудан әкімінің кеңесшісі Б.Өтегенова ашып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар бірқатар мейірбикеге аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады. Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық ауруханасының бас дәрігері Н.Жұмағалиева сөз алып, «Нұр Отан» партиясы мен аудандық медицина қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатын» абзал жандарға тапсырды.
Шара барысында сала мамандары мерекелік концерт ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Хирургия» бөлімшесінің меңгерушісі Б.Ердәулетов пен «Стоматология» бөлімшесінің мейірбикесі С.Маханбетова өз шығармашылығынан әріптестеріне арнау өлеңін оқыды.
Медицина саласының жұмысын жүргізетін орта буын қызметкерлері. Олар саланың тоқсан пайызға жуық қызметін үйлестіреді. Көше аралап, сырқатты қадағалап, науқастың жағдайын бағдарлап, дәрігердің нағыз көмекшісіне айналған жандарға осылайша құрмет көрсетілді.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
15 мамыр 2018 ж. 1 585 0