Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан цифрлық хабар таратуға екі жыл ішінде толығымен көшеді

Қазақстан цифрлық хабар таратуға екі жыл ішінде толығымен көшеді


2020 жылға дейін еліміздің барлық өңірлері цифрлық телевидениеге қөл жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Әр нәрсенің екі жағы болатыны сияқты, мұндай жаңашылдық отандық арналардың тариф бағасына әсер етуі мүмкін. Техникалық себептерге байланысты барлық аймақтарды қамту қиын. Өйткені облыс орталығынан 300-400 шақырым шалғай жерде орналасқан аудандар көп. Сол себепті барлық аймаққа цифрлық сигналды жеткізу оңай емес. Дегенмен қазір қажетті техникаларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға дейін облыстарда цифрлық теледидар болады. Цифрлық хабар таратуды енгізу және дамыту жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілген. Оның негізінде 827 радио және теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Бүгінге дейін 356 станса салынды. Жыл соңына қарай тағы 292 кешеннің құрылысы аяқталуы тиіс. Ол халықтың 94 пайызын цифрлық хабар таралымымен қамтуға мүмкіндік береді. Ал қалған 179 стансаны екі жылда пайдалануға мүмкіндік бар. Цифрлық хабар тарату жүйесі халыққа облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында 30 отандық телеарнаны, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде 15 телеарнаны абоненттік төлемсіз жоғары сапада көруге мүмкіндік береді. Цифрландыру дәуірінде телекоммуникация мен IT-технологиялар саласы көш бастайды. Бұған таңғалудың қажеті жоқ. Себебі бұл – бүкіләлемдік тренд. Сондықтан қазір қай елді алып қарасақ та, осы сала мамандарына сұраныс жоғары. Мәселен, Қазақстанда IT-индустрия 20 пайызға өсті. Оған қоса, мемлекеттік қолдау жоғары. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы осы саладағы қызмет көрсету көрсеткіші 160 миллиард теңгеге жуықтаған.   Канаданың мұнай-газ компаниялары инвестиция тартуға дайын Канаданың мұнай-газ компаниялары Қазақстанға инвестиция салмақ. Альберта провинциясының 14 кәсіпорыны біздің елде өз компанияларын ашып, мұнайгаз және энергетика саласына қаржы құюға дайын. Альберта бұл елдегі мұнай газ саласы қарқынды дамыған 10 провинцияның қатарына кіреді. Мұнда мұнай мен газ өндіру дамыған технологиялармен жүзеге асырылады. Айта кетейік, осы елдің 2 ірі компаниясы 2014 жылдан бері қазақстандық әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.  Ал елімізде жыл басынан бері 51 млн тоннадан астам мұнай өндірілген. «Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 6,6 процентке көп», – дейді мамандар. Бұдан бөлек, газ конденсаты 8 млн тонна, табиғи газ – 337 млрд текше метр, көмір 73 млн тонна болған.   Мұнай бағасы барреліне 90 долларға жетуі мүмкін Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр. Сарапшылар қара алтын құны әлі де өседі деп болжайды. Бұл ретте мұнай бағасы барреліне 90 долларға дейін өсуі мүмкін. Бұған алдағы уақытта Ираннан тасымалданатын мұнай көлемінің азаюы әсер етуі мүмкін. Ал бүгінде қара алтын бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет барреліне 82 долларға жетті. Мұнай бағасымен бірге АҚШ валютасы да өсті. Қазір еліміздегі ақша айырбастау бекеттерінде бір доллар 359-360 теңге көлемінде саудаланып жатыр.   2020 жылы фермерлерді онлайн оқыту басталады Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы бастап, фермерлерді онлайн оқыту курсатарын іске қосады. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру аясында бүкіл республика бойынша кем дегенде 20 цифрлық ферма құрылады. Бұл мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыруға мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіптік кешен цифрландыру аясында онлайн-қарыз беру, өсімдік өнімін жоспарлау, баға мониторингін жүргізуді қолға алмақ. Бұл ретте еліміз Канада, Түркия, Австралия, Германия, АҚШ-тың тәжірибесіне сүйенбек.   Жер телімдерін беру автоматтандырылады Сондай-ақ Ауыл шарушылығы министрлігі «2021 жылдан бастап елімізде азаматтарға жер телімдерін беру процесін толықтай автоматтандырамыз», – деп отыр. Нәтижесінде несиелер мен кепілдіктерге арналған өтінімді автоматтандыруға мүмкіндік туады. Бұл фермерлердің жол жүру шығындарын азайтуға және өтінімді уақытында қарауды бақылауға жол ашады. Ал келер жылы онлайн-несиелендіру бойынша пилотты жоба өткізу жоспарлануда. Ал 2021 жылы процестің толық автоматтандырылуы және көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде бір рет шерту арқылы онлайн-несиелендіру жүргізілетін болады.

www.24.kz
26 қыркүйек 2018 ж. 877 0