Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРЛЕСІП «ЦИФРЛАНДЫРУҒА» ШАҚЫРЫЛДЫ

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРЛЕСІП «ЦИФРЛАНДЫРУҒА» ШАҚЫРЫЛДЫ

Қазақстан қытайлық компанияларды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды. Бұл туралы бүгін «Бір белдеу - бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған Қазақстан-Қытай бизнес форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде біз азық-түлік өнімдерін өндіруге айрықша назар аударып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілерге мемлекеттік қолдау қарастырып жатырмыз. Осыған орай қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші компаниялар мен қытайлық компаниялардың азық-түлік өнімдерін өндіруде ынтымақтастықты арттыруда зор әлеуетке ие», - деді Жеңіс Қасымбек.
Министр 2017 жылы экономика өсімінің жаңа моделін құру аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын, төртінші өнеркәсіптік революцияның - 3D-принтер, онлайн-сауда, ұтқыр банкинг, цифрлық сервис, автоматтандыру, жасанды интеллект және «үлкен мәліметтер» алмасу сынды элементтерін енгізуді мақсат ететіндігімізді атап өтті.
«Қазірдің өзінде елімізде Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі сияқты инновациялық кластерлер жұмыс істеп жатыр. Жаңа Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі ашылмақ. Сондықтан біз қытайлық әріптестерімізді «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.



08 қыркүйек 2018 ж. 1 063 0