Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ЖАҢА БИІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ЖАҢА БИІКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басында Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жеті жыл уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
Биылғы Жолдауында Президентіміз ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған. Экономика, мемлекеттік басқару, тіпті агроөнеркәсіп саласын дамытудың өзінде технологияларды енгізуге оны дамытуға басты назар аударылып отыр.
Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр. Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол - цифрлық дәуірдің болатыны. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болады. Мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болады деген сөз. Нақты кезеңде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Әлем елдері цифрлық теxнологияларға жылдам бет алды. Мен ақпараттық теxнологияларды мемлекеттік басқару саласына енгізу мәселесіне баса назар аударғым келеді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға болады.
Бұдан бөлек, цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда xалықтың пікірі ескеріледі. Мәселен, біздегі электронды үкімет - цифрлық дәуірдің бір көрінісі.
Қазіргі кезде біз анықтаманың бәрін электронды жүйе арқылы аламыз. Ал "ашық диалог" арқылы министрлерге сұрақ қойып, сан алуан мәселелерді талқылаймыз. Бұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді.
Цифрлық теxнологияларды енгізу саласындағы шаралар әрі қарай жалғаса береді. Ендігі кезекте аймақтарда ақпараттық теxнологияларды кеңінен дамыту қажет. Соның арқасында жергілікті жерде атқарылып жатқан шаруаларды да бақылауға болады. Президент Жолдауының негізгі түйіні сол, қазіргі кезде кез келген саланы цифрлық теxнологиялардың негізінде дамыту қажет. Соның арқасында жұмыстың сапасы артады.

Ж.АБСАТ,
Қызылорда облысының әділет департаментінің
жеке сот орындаушылар қызметін
ұйымдастыру бөлімінің басшысы,
ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі
07 шілде 2018 ж. 946 0