ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ ТЕТІГІ
Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді «E-gov» электронды үкіметтің веб-порталы арқылы алуды насихаттау мақсатында Қызылорда облысы әкімі аппараты мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Шаған ауылдық округінің №37 мектебінде және Қоғалыкөл ауылдық округінің №44 орта мектебінде ашық сабақтар өткізілді. «E-gov» электронды үкіметтің веб-порталы мүмкіндіктері және онымен жұмыс жасау тиімділігін түсіндіретін ашық сабақтарға сала мамандары, жоғарғы сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері қатысты. Онда электронды үкімет арқылы халық тиімді қызметті алып, уақыт үнемдейтіндігі, бұл қазіргі заман талабы екендігі айтылды. Биылғы Елбасы Жолдауында бұл мәселе басты бағыттардың бірі болғандығы да жеткізіліп, жемқорлыққа жол бермеудің тиімді тетігі осы екендігі атап өтілді. Сала мамандары ашық сабаққа қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, Шаған және Қоғалыкөл ауылдық округтері тұрғындарымен осы тақырыпта оқыту жұмыстарын жүргізді.
Е.БЕРКІНБАЕВ