Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2017 жылы Қазақстан тарихына енетін 7 оқиға

2017 жылы Қазақстан тарихына енетін 7 оқиға



Бүгінгі күн – ертеңгі тарих! 2017 жыл Қазақстан үшін жемісті болды. Ел үшін маңызды оқиғалар аз болмады. Бұл ретте Stan.kz назарларыңызға 2017 жылы Қазақстан тарихына енетін атаулы оқиғалар тізімін ұсынады.

1. Жыл басында Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан тәуелсіздік алғалы екі рет Конституция қабылдады. Оның соңғысы 1995 жылдың 30 тамызында қолданысқа енгізілді. Аталған заң 22 жыл қолданыста болды, осы орайда елбасы Назарбаев заманға қарай заңды да өзгертіп отыру керектігін айтты.
Сөйтіп қаңтар айында Қазақстан Конституциясының 19-бабына 26 өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, президент Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айында үкімет пен парламентке 40-қа жуық өкілеттілігін бөліп берді. Осылайша елбасы парламент пен үкіметтің рөлін арттыруды көздеді. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлы қаңтар айының 31-күні халыққа үндеу жолдады.
Жаңа заң бойынша негізгі өзгерістер:
Президенттің өзі тағайындайды: сыртқы істер министірін, қорғаныс министрін, ішкі істер министрін. Премьер-министр президентке  үкіметтің өзге мүшелеріне кондидаттарды ұсына алады.
Президенттікке үміткер адамның жоғары білімі болуы керек
Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды мақылдау, біріңғай қаржыландыру жүйесі, мемлекеттік қызметкерлердің еңбе ақысын төлеу  құқығы беріледі.
Сенат депутаты 5 жыл мерзімге сайланады. ҚР заңына сай сайланған уәкілдің қызметін тоқтатуға болады.
Премьер-министр  үкімет қарап жатқан маңызды шешімдер туралы тек президентке емес парламент депутаттары алдында да есеп беруге міндетті.
Бұдан былай президент үкімет пен премьер- министр актін тоқтатып немесе жоққа шығара алмайды.
2. Назарбаевтың ұсынысымен, латын әліпбиіне көшу жұмыстары басталды. Әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылғанымен, билік әлі нақты біреуіне тоқтаған жоқ. Соған қарамастан, кейбір БАҚ құралдары, оның ішінде телеарналар мен газет-журналдар латынша ақпарат тарата бастады.
3. Қазақстан алғаш рет халықаралық маңызы бар ЭКСПО көрмесін ұйымдастырды. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында елордамыз Астана қаласында өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді.
4. Қысқы Универсиада-2017. ЭКСПО-дан бөлек, Қазақстан биыл тағы да бір әлемдік доданы ұйымдастырлы. Ол 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындары. Қысқы спорттың 12 түрінен өткен жарысқа әлемнің 57 елінен келген спортшылар қатысты. Ресми деректерге сүйенсек, олардың ішінде Қытай, Ресей, АҚШ, Канада сияқты ірі елдерден келген делегаттар саны көп болды. Қазақстан универсиадаға 51 миллион доллар жұмсады, жеңімпаздар мен бапкерлерге 2 миллион долларға жуық сыйлық берілді.
5. 23-24 қаңтарда Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесу өтті. Оған Ресейден, Ираннан, Түркиядан, Иорданиядан келген сарапшылар мен БҰҰ өкілдері қатысты. Сириядағы ахуалды бейбіт түрде шешу жолдары Астанада шешілді.
6. Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болды. Ол бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түсті. Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақсыз мүшесі болуға ниеті жайлы 2010 жылы баршаға жария еткен болатын.
7. 2017 жылы Қазақстанның 18 милионыншы тұрғыны дүниеге келді.  Халықты қуантқан періште 2017 жылдың 11 мамырында дүниеге келген  . Ол Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны – Мүслима Саматқызы. Мүслима отбасыда екінші бала. Анасы – Омарxанова Диана Ерікқызы, мамандығы – дефектолог. Әкесі – Бестібаев Самат Еркінбекұлы, ұстаз. Мүслиманың ата-анасына Алматы облысының әкімі пәтер кілтін табыстады.
http://stan.kz/
02 қаңтар 2018 ж. 1 432 2

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 01:30
Viagra Combien De Temps Avant Buy Propecia Online Usa Amoxicillin Typical Dose viagra prescription Renal Dosing For Keflex

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 07:39
Ordering Viagra From Canada Zithromax For Otitis Media In Children Canadian Pharmacy Largo Fl cialis 5 mg Cialis Con Priligy Difference Between Amoxicillin And Azithromycin Zithromax Buy Zithromax Suspension