Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЛҚАЛАМҒА ЖАН БІТІРГЕН ЖАС СУРЕТШІЛЕР

ҚЫЛҚАЛАМҒА ЖАН БІТІРГЕН ЖАС СУРЕТШІЛЕР


Жақында «Достық үйінде» ауданның 90 жылдық мерейтойы және «Отбасы күні» аясында кенттегі мектептердің 5-6 сынып оқушылары арасында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас суретшілер» байқауы өткізілген болатын. Екі кезеңнен тұрған байқауға №35, №36, №210 мектептерден барлығы 64 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінен он оқушы суырылып алға шықты. Оның жетеуі №35 мектептің оқушылары.Отбасындағы құндылықтарға, ұлттық тәрбиеге аса мән берген ұйымдастырушылар суреттерді таңдап алған болатын.
–Отбасы күні мерекесімен шараға қатысушыларды құттықтап, ақын бар болмысын ішкі сезімін өлең шумақтарымен жеткізсе, жазушылар әңгіме, роман арқылы бейнелейді, ал суретшілер қылқалам арқылы суретке жан бітіргендей болады. Сурет арқылы адамның өмірінде, жан дүниесінде, қоршаған ортасында болып жатқан құбылыстарды аңғаруға болады, – деді Ұлмекен Шанайқызы.
Шара соңында Зәуре Нажматова бірінші орынды иеленсе, екінші орыннан Асылай Бектасқызы көрінді. Үшінші орын Ханумай Нағмадуллаға бұйырды. Барлық қатысушылар «Алғыс» пен ақшалай сыйлықтарға ие болса,қалған оқушылар да ынталандыру сыйлықтарын алды.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ

25 қыркүйек 2018 ж. 1 387 0