ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ҮЛЕСТІРДІ
Осыдан он жыл бұрын бастау алған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясында бүгінге дейін республика бойынша 2 миллионнан астам балаға жалпы сомасы 17 миллиард теңгені құрайтын материалдық көмек көрсетілген. Биыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін бұл шараға аудандық ішкі саясат бөлімі де өз үлестерін қосып жатыр. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мирас» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық баспасөз орталығында апта басында кентте тұратын өзге ұлт өкілдері мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетіліп, жаңа оқу жылына арнайы сөмкелер мен оқу құралдарын үлестірді. Білім алуға асыққан кішкентай балақайлар өздеріне көмек көрсеткен аға-апаларына алғыстарын жыр шумақтары мен патриоттық өлеңдері арқылы білдірді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін қайырымдылық акциясына мемлекеттік органдар, қоғамдық қорлар мен жеке кәсіпкерлер белсенді қатысуда.
МАЙЯ ҚОЖАБАЙ