ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ ХАҚЫНДА АЙТЫЛДЫ
Жақында аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңы негізінде қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды насихаттау мақсатында "Сыбайлас жемқорлық-қазіргі заман дерті"атты дөңгелек үстел басындағы кездесу кеші өткізілді. Шараға аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы жанындағы Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов, мектеп оқушылары, сала мамандары қатысты.
Оқушылардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыруға оның ішінде жемқорлыққа төзбеушілік қасиетін арттыруға арналған кездесуде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сала мамандары жоғарыда аталған заң шеңберінде жасалған факторларға байланысты мағлұматтар берді. Сондай-ақ, дөңгелек үстел басында жиналғандарға Шаһарбек Балтабайұлы қазіргі таңда елімізде Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жұмыс жоғары дәрежеде жүргізіліп жатқандығын, онымен күресте қоғам болып жұмыс жасау керектігін жеткізді. Балалар кітапханасының меңгерушісі Майра Балмағанбетова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қағидаттарына тоқталып, сала мамандарының атқарып жатқан жұмыстарын айтты. Шара барысында «Өркендеуші ел-сыбайлас жемқорлықсыз ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Өз кезегінде оқушылар аталған тақырыптар аясында сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Б.ОРДАБЕКОВ