Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІРЕКТІ АУЫЛ – ІРГЕЛІ МЕКЕН

ТІРЕКТІ АУЫЛ – ІРГЕЛІ МЕКЕН


Бесарық келешекте экономикасы дамыған, аудандағы үздік ауылдың қатарына кіреді деген сенім зор. Өйткені, бұл елдімекеннің, шаруашылықтың бүгінгі инвесторы ауданға, облысқа белгілі Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев басқаратын «Абай Дәулет» ЖШС. Инвестор келген бойда ауылды абаттандыруға, «Бесарық» ЖШС-ін экономикалық жағынан дамытуға кірісті. Биылдың өзінде елді мекенге 19 млн. 340 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек жасалыпты. Атап айтатын болсақ жаңа аялдама тұрғызылған. Орталық аллея абаттандырылып, гүл егу және оны күтіп, баптау жұмыстары жүргізілген. Ауылдық мәдениет үйіне ішкі және сыртқы әрлеу, сахнаны безендіру, жарықтандыру жұмыстары жасалынған. «Бөбек» бала бақшасына да жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс материалдарының бағасы аспандап тұрғанына қарамастан ауылға қамқорлық танытып жатқан инвесторға көңіл толады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, мүмкіндігі

шектеулі жандарға көмек көрсетілген.


Бүгінгі таңда «Бесарық» ЖШС-ін дамытуға нақты қадамдар жасалып отыр. – Биылғы көктемде шаруашылық алқабына 486 гектар күріш, 120 гектер жоңышқа аралас бидай, 20 гектар «Мырзашөл» қауыны, 14 гектар картоп егілді. Сыр салысын жинау басталды. Жақсы өнім аламыз деген ойдамыз. Маңызды науқанға қажетті техникаларымыз да сақадай сай. Биыл инвестор бір «Джондир», бір «Класс», бір «Магдон» комбайнын және екі «КамАЗ» автокөлігін тіркемесімен алып берді, – дейді «Бесарық» ЖШС директорының орынбасары Бейбіт Белгібаев. Бесарықта жаңа көпірдің ашылуы кезінде барғанымызда шаруашылықтың өз өнімдерінен ауыл шаруашылығы көрмесін тамашалағанбыз. Керемет. Республикалық халық шаруашылығы көрмесіне барғандай әсер алдық. Сөре жайнап тұр. Күріштің, жемнің түр-түрі, әсіресе картоптың біз көрмеген түрлері бар. Хош иісті «Мырзашөл» қауыны төрден орын алған. Қазіргі таңда берекелі Бесарықтың дәмі тіл үйіретін қауынымен аты шығып тұр. Судың тапшылығы кезінде сорап (насос) пайдаланып, суды егіске ұқыпты, үнемді бұрған қауын өсірушілер арам шөптерді отап, бітік қауын өсірген. Бұл қауындар өңірімізде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бүгінде шаруашылық қалада 4-5 жерден уақытша дүкен ашып, елдің жеңсік асын өткізуде. Сондай-ақ, көрші ауылдарға ауданның бірқатар елді-мекендеріне жеңілдетілген бағамен сатылуда. Бұрын үлкен беделге ие болған Сыр қауынының атақ-даңқын қайта оралтуға осы бесарықтықтар қажырлы жұмыс жасауда. «Елде болса ерінге тиеді» дегендей шаруашылық ауылда тұратын 425 отбасының әрқайсысына Берекелі Бесарық қалаға жақын, әдемі ауыл. Жақында ауылға кіре берістегі Жаңадария каналына салынған жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл маңызды нысан ауылдың әлеуетін арттырып, дамуына ықпал етпекші. БЕСАРЫҚТА КӨПІР АШЫЛДЫ Жалғасы. Басы 1-бетте «Абай-Дәулет» ЖШС өнімдері 5 қауынды тегін таратқан. «Абай Дәулет» ЖШС ауыл еңбеккерлерінің үйлерін, шарбақтарын жөндеуге көмек көрсетуде. Балалар мектепке баратын кезде өтініш жасағандарға шаруашылық тарапынан пайызсыз 100 мың теңге несие берілді.


Бүгінде «Бесарық» ЖШС ата-баба дәстүрін жалғастырып, асыл тұқымды қой өсіруге бағыт ұстап отыр. Онда қазіргі кезде 5 мыңнан астам қой бар. Саулық қойлар 50-60-70 келі тартса, асыл тұқымды қошқарлардың салмағы 100 келіге дейін барады. Ал, 10 айлық тоқты 20 келі тартады. Осы тоқтылар базарға шығарылып, әрқайсысы 25 мың теңгеден сатылуда. Олардың бағасы қолжетімді болғаннан кейін ауылдан келіп алып кетушілер көп. Әсіресе, Құрбан айт кезінде тоқты саудасы қызу жүрді.

Бүгінде шаруашылық бойынша 400 тоқты сатылымға шығарылды. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» демей ме атам қазақ. Сол айтқандай бесарықтықтар ет бағытындағы қой өсіріп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуде. Бесарықтың кезінде ақтылы қой өргізіп, атақ, даңққа бөленгені де ел-жұрттың есінде. Олай болса, ата кәсіпті жалғастырушыларға айыңыз оңынан тусын дейміз.


Қос ЖШС «Абай-Дәулет» және «Бесарық» мал азығымен өздерін және ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр. Биыл шаруашылық еңбеккерлеріне арзан бағамен 20 мың дана пресс таратылды. Ауылдағы мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар 10 отбасының әрқайсысына 200 данадан жоңышқа пресс тегін берілді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына мал азығы қалаға қарағанда арзан бағамен сатылды. Бұл ауылда тұрып, мал ұстап, ата кәсіпті жаңғыртамын деген азаматтарға үлкен қолдау болып отыр. Төрт-түлікті түгел өсіріп, оның өнімін ел игілігіне арнап отырған қос серіктестік қыстық мал азығын жеткілікті дәрежеде жинап алды.






Алдағы уақытта серіктестік ауыл паспортын, ауыл мешітінің айналасын толық абаттандыру, кіреберіс арканы әрлеу жұмыстарын жүргізіп, елді мекеннің көркеюі тұрғысындағы жұмыстарды жасай бермек.














Ауыл жанынан жаңа көпір ашылғанда дуалы ауыз жандар «Бесарық пен Қызылорда, Бесарық пен Астана арасын жалғастыратын алтын көпір болсын» деген тілек айтып еді. Бесарықтың ауыл шаруашылығы өнімдерінің Елордаға дейін жететініне бүгінде сенім зор. Ауылың гүлденіп, экономикаң шарықтап өсе берсін берекелі Бесарық.


Әзірлеген:
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ,
Ердос БЕРКІНБАЕВ
17 қыркүйек 2018 ж. 1 679 0